«Қапшағай қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы департаменті» мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Қапшағай аймағының газ желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау бойынша тариф жобасы мен тарифтік сметасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өткізіп жатқанын хабарлайды.
Тыңдау 2019 жылдың 28 қарашасында сағат 15:00-де Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13 мекенжайында, Қапшағай әкімі аппараты ғимаратының кіші мәжіліс залында өтеді.
Тыңдауға депутаттар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, қызмет көрсету тұтынушылары және БАҚ шақырылады.
Add New Comment