2020 жылға дейінгі болашағымен Алматы облысының 2004 – 2015 жылдарға арналған даму стратегиясына сүйене отырып, Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыру мақсатында 2017 жылғы қарашада ұзындығы 37,06 км, тауарлық газдың өткізу қабілеті жылына 397 млн. м3 болатын «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральдық газ құбырынан «Байсерке – Қапшағай» газ құбыры құрылысының 1-ші кезеңі іске асырылды және пайдалануға енгізілді. 5 желілік кран тораптары мен Қапшағай АГТС-і өндірістік қуаты сағатына 50 000 нм3, ол Қапшағай қаласының және Арна, Заречное, Жетіген ауылдарының өндірістік объектілері мен халқын газбен қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Қапшағай АГТС-і нақты жүктемесі жалпы өнімділіктің 30 пайызын құрайды — бұл 3365 тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар мен 11 өндірістік кәсіпорындар. 2021 жылдың қазан айында Қапшағай қаласының қазандығы газ тарату желісіне қосылып, тұтыну қуаты сағатына 13 800 нм3 табиғи газға ауыстырылды.
Газ тарату желілерінің жалпы ұзындығы — 50,5 км, оның ішінде:
— жоғары қысымды газ құбырлары (0,6 МПа дейін) — 36,1 км. 42 пайыз;
— орташа қысымды газ құбырлары (0,3 МПа дейін) — 9,5 км 11 пайыз;
— төмен қысымды газ құбырлары (0,005 МПа дейін) — 41,1, 47 пайыз.
Материалдар бойынша құбырларкелесі бөлікке бөлінеді:
— болат — 54 пайыз;
— полиэтилен – 46 пайыз.
Газ желісінің жабдықталуы:
— ажыратқыш крандар/ысырмалар жер үсті — 121 дана.,
— жер үстіндегі фланецті қосылыстарды ажырату — 138 дана.,
— жер асты крандары/ысырмалары — 35 дана.
Газ құбырларындағы қысымды төмендету және оны берілген деңгейде ұстап тұру газды кемітудің 14 пунктін қамтамасыз етеді.