ҚҰРМЕТТІ ГАЗ ТҰТЫНУШЫЛАР!

УВАЖАЕМЫЕ ПОТРЕБИТЕЛИ ГАЗА!
УВАЖАЕМЫЕ ПОТРЕБИТЕЛИ ГАЗА!
29 июня, 2021
ҚАУІПТІ-ҚАУІПСІЗ ГАЗ
13 июля, 2021

ҚҰРМЕТТІ ГАЗ ТҰТЫНУШЫЛАР!

Газ отынын пайдалану қауіпсіздігінің талаптары бұзылған кезде жарылыс-өрт қауіпті жағдайлардың туындауын болдырмау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар жазатайым оқиғаларды болғызбау жөнінде төтенше шаралар қабылдады, атап айтқанда:

27.04.2021 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 01.04.19 ж. № 46-нқ бұйрығымен Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына өзгерістер енгізілді (ҚР ҚН) 4.03-01-2011 «газ тарату жүйелері» 7.7 т.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұрғын үйлердің (пәтерлердің) газдандырылған үй-жайларында газдануды бақылау және пайдаланылатын (табиғи, сұйытылған) газ концентрациясының рұқсат етілген деңгейінен асқан кезде газ беруді автоматты түрде өшіре отырып, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сигнализаторларын орнату міндетті.

Тек өз қауіпсіздігіңізді ғана емес, сонымен қатар жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сізге қысқа мерзімде газдануды бақылау сигнализаторларын сатып алу және оларды орнату үшін «Қапшағай аймағының газ жүйелері» ЖШС-не жүгіну қажет. Орнату 104 телефоны бойынша өтінім түскеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде тегін жүргізіледі.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!     ГАЗБЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КЕЗДЕ, ӨМІРГЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ҚАЖЕТСІЗ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БОЛДЫРМАС ҮШІН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ, СОНДА СІЗДІҢ ҮЙІҢІЗДЕГІ ГАЗ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ!

ГАЗДЫҢ ИІСІ БАЙҚАЛСА 104 АВАРИЯЛЫҚ ГАЗ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *