ҚАУІПТІ-ҚАУІПСІЗ ГАЗ

ҚҰРМЕТТІ ГАЗ ТҰТЫНУШЫЛАР!
29 июня, 2021
ОПАСНЫЙ — БЕЗОПАСНЫЙ ГАЗ
14 июля, 2021

ҚАУІПТІ-ҚАУІПСІЗ ГАЗ

Соңғы жылдары Қазақстанда газ құрылғыларына қызмет көрсету, пайдалану және сақтау ережелерін бұзу, газ баллондарын пайдалану кезінде немқұрайлы қарау және қауіпсіздікті бұзу себебінен қайғылы салдарларға алып келетін төтенше жағдайлар санының ұлғаю үрдісі байқалуда.
«Қапшағай қаласының ТЖ бөлімі» ММ-сі және «Қапшағай аймағының газ жүйелері» ЖШС-нің мамандарымен 12.07.2021 жылы тұрмыстық газ баллон қондырғыларын пайдалану кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Іс-шаралар барысында халықпен 2 қабаттан жоғары қабатты көп пәтерлі үй құрылыстарының үй-жайларында жеке баллон қондырғыларын ұстау қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрмыстық газды қауіпсіз пайдалану бойынша жадынамалар таратылды.
Есіңізде болсын, ауа қоспасындағы газ жарылысты өртке қауіпті!

Есіңізде болсын, ауа қоспасындағы газ жарылысты өртке қауіпті!

Тұрғын үйлердің (пәтерлердің) газдандырылған үй-жайларында міндетті түрде газдануды бақылау және пайдаланылатын (табиғи, сұйытылған) газ (СИКЗ) шоғырлануының рұқсат етілген деңгейінен асқан кезде газ беруді автоматты түрде өшіре отырып, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сигнализаторлары орнатылуы тиіс.
Қоспаның тұтану көздері: ашық от( сіріңке, темекі және т.б.), электр құралдарын қосу және өшіру кезінде пайда болған электр ұшқыны болуы мүмкін. Улануды болдырмау үшін тұтану алдында тартқышты тексеру, газ аспаптарын қосқаннан кейін бірден және олардың жұмыс барысында желдету арналарының жарамдылығын қадағалау, үй-жайды, әсіресе ұйықтар алдында үнемі желдету қажет.

Газ сигнализаторын қосу ережесі

Газ сигнализаторын қосу үш үшін 220 вольтты жеке розетканы жабдықтаңыз.
Газ сигнализаторының сезбек блогын табиғи газды (метанды) бақылау үшін қабырғаға, тік қалыпта, газ аспабының шетінен кемінде 1 м қашықтықта және төбеден 10-20 см қашықтықта немесе сұйытылған газдарды бақылау үшін еденнен 10-20 см қашықтықта орналастыру қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *