Газификация Капшагайского региона

29 ноября, 2019

Уважаемые жители города Капшагай!

30 ноября, 2019

Алматы облысының 2030 жылға дейінгі даму жоспарының негізінде Қапшағай өңірін газбен

Алматы облысының 2030 жылға дейінгі даму жоспарының негізінде Қапшағай өңірін газбен қамтамасыз ету мақсатында «Байсерке-Қапшағай» жобасы 2017 жылы дайындалып, аталған жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестициялық жоба ретінде жүзеге асырылуда.

Бүгін, яғни қараша айының соңғы қасиетті жұмасында, Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Заречный ауылына газ жүргізілді. «Қапшағай аймағының газ жүйелері» ЖШС-гі Мира, Абай, Дзержинский, Жамбыл көшелерін көгілдір отынға қосты.

Салтанатты шараға Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қожахметов, «Қапшағай аймағының газ жүйелері» ЖШС-нің директоры Ілияс Сүгіров, Заречный ауылдық округінің әкімі Берік Дүйсенбаев, Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық төрағасы Ғабдеш Қазбеков және ауыл тұрғындары қатысып, өздерінің ақжарма тілектерін білдірді.

Алғашқы газ құбыры арқылы газ жіберуге байланысты алауды ауыл ақсақалы Балтабай Жұмаділов жақты. Сөйтіп Заречный ауылының тұрғындары атаулы жобаның сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асқандығының куәгерлері болды.